Кел, Жаңа Жыл!

Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Құрметті ата -ана , қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді «Жаңа жыл»мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерексімен құттықтай отырып, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз.
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
- дей отырып, жаңа жылдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,
Көгімізде бақыт қүхы самғасын
Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін
Қуанышпен арайлансын ақ таңың
Кел жаңа жыл жаңа жыл,
Саған әзір Жаңа жыр Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл
Ал енді халайық, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шакырайық. Олай болса, барлығымыз қосылып аяз атаны хормен дауыстап шақырайық. Қонаққа жалмауыз кемпір де, Қояндар да келіпті. Аяз ата, Ақша қар, Аяз ата , Ақша қар!
Келеді аяз атамыз
Қасында ақша қары бар
Қызыққа әбден батамыз
Қарсы аламыз баршамыз.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Қош келдіңіз Аяз ата ! Амансың ба Ақшақар!
Аяз ата:Амансыңдарма балалар! Мен сонау алыс сапардандырлардан, таулардан келдім. Мен алыстан шаршап келдім, менің шаршағанымды басу үшін ән салыңдар, би-билеңдер жане барлығың өнерлеріңді көрсетіңдер!
Ал, қанекей балалар!
Ән мен жырға басайық
Шыршамызды айналып,
Би - билейік ән салып
Баршамызда жар салып
Қане балалар, бәріміз қосылып
«Көрікті шыршамыз» әнін айтайық.
Аяз ата алыс жолдан шаршап келдіңіз, біздің сізге арнаған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз. Сіздің құрметтеріңізге ән айтып, би - билейміз. Куныш пен шаттыққа кенелейік Жадырап ән шырқап тербелейік Төрле, төрле халқымның құтты жылы Бәріміз дөңгелене би-билейік «Қара жорға » биіне барлығымыз қосылып билейік.
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір,
Жарқын жарқын ән салып
Жалғасады жырга жыр
3 Б сыныбының әншілерінің орындауында «Шырша» әнін қабыл алыңыздар!
Аяз ата, енді 3 А сыныбының «Саңырауқұлақ аясында» атты көрінісін көріп тамашалаңыз.
Бишілерде өнер көп
Би билейді мәнерлеп
Бишілер биін көріңдер
Өнерге баға беріңдер
Би: Қазақша биі. 3 Ә сынып оқушылары
3-сынып оқушыларының жаңа жылдық тақпақтары.
Әкелді жыл ырыс құт,
Әлемде той тыныштық
Ән салайық тамаша
Жаңа жылым тамаша
Айгөлек әні. 3 В сыныбы Стамқұл Бақжан
Шырша айналып әндетіп
Би билейік сәнді етіп
Қандай жақсы жаңа жыл
Өткізейік мәнді етіп
Қуыршақ биі. 3 А сынып оқушылары
Бақытыңды ырысыңды көрсін ел
Жалын қүшқан жан отауға енші бер
Жылу әкел, мейірім бер,жаңа жыл
Тату болсын бір бірімен көршілер
Шоқ қыздар әні. 3 Ә сынып окушылары
Ал халайық ,халайық
Биге назар салайық
Шақырып алып ортаға
Қояндарды қарсы алайық
Зырлайды шанамыз әні:
Қызығына каныңдар
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты
Бізбен бірге той тойлап
Ән айтыңдар бақытты
Ел қорғауға әзірміз:3 В сынып оқушылары
Жаңа жылда алауласын мың арман
Жаңалықтар қолын созып жүр алдан
Жаңа жылым жарқырай бер баршаны
Өткен жылда даңқың солай жаңғырған
Брек биі.З Ә,В сыныбы
Асыға күткен жаңа жыл
Кел жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа заман, жаңа айлар
Кел жаңа жыл жаңа жыл
Ән:В лесу родилась елочка. 3 Б сыныбы.
Өтсін солай жаңа өмірдің күндері
Шарпымасын жүректерді мұң лебі
Жарқылдасын Жаңа жылдың оттары
Таусылмасын Жаңа жылдың құрметі
Би:Вальс ЗӘ сынып оқушылары
Орындалсын армандарың ойларың
Қызықтарға ұлассыншы тойларың
Нұр жүзіңді мұң шалмасын достарым
Олай болса Вальс биі биленсін
Орыс биі. 3 В сынып оқушылары.
Жаңа жылда жаңа белден асамыз
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз
Бейбітіпілік ұранымен жеңіспен
Жаңа жылда тағы да алға басамыз
Ән:Анашым ЗӘ сынып оқушылары
Биіктерде төрлерде
Шалқи берсін туымыз
Арналады сіздерге
Әніміз бен сэніміз
Ән-.Шырша жыры 3 Б сынып оқушысы
Жүргізуші: Аяз ата ! кешімізге келгеніңізге көп рахмет!
Аяз ата: Айналайын балаларым менің шаршағаным басылды. Кештерің маған ұнады. Мені сендердей басқа жақта балаларым асыға күтіп отыр. Рұқсат болса мен аттанайын!
Жүргізуші: Рахмет Аяз ата!(Барлығы хормен)
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен кешіміз аяқталды
Сау саламатта болыңыздар!
Келесі кездескенше!